Әлем чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі

286

Қазақстан құрамасы кезекті ойынын елордада Финляндияға қарсы өткізеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұған дейін екі құрама бір мәрте шеберлік байқасты. 

Финляндия бұған дейін әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынап көрген емес. Ал 2020 жылғы Еуропа чемпионатында В тобында Бельгия, Дания және Ресеймен шеберлік байқасып, үшінші орын алды.

Қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.

Бұдан кейін қазақстандық футболшылар 13 қараша сырт алаңда Франциямен кездеседі.

Қазақстан төрт ойыннан кейін 3 ұпаймен бесінші орында тұр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.