Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында қоржынға екі медаль салды

362
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы Болгария астанасы Софияда өткен Еуропа кубогында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Ғұмар Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол финалға дейін Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларынан басым түсті.

Отандық дзюдошы финалда украиналық Микита Холобородкомен белдесіп, қарсыласына қосымша уақытта (голден скорда) есе жіберді.

Осылайша, Ғұмар Қырғызбаев Еуропа кубогынының күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Руслан Мұсаев қола жүлде үшін күресте молдавалық Никон Заборощукті жеңді.

Айта кетейік, ерлер арасындағы Еуропа кубогы 11-12 ақпан күндері Болгарияның София қаласында өтті. Байрақты бәсекеге барлығы 43 елден 400-ге жуық татами шебері қатысты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.