Қазақстаннан екі бірдей жас теннисші әлемнің ТОП-100 қатарына кірді

2 016

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді.


Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Ә.Омарханов бірден 100 сатыға көтеріліп, қазір 100-орында тұр.


Асылжан Арыстанбекова 101-ден 88-ге жоғарылады.


Сондай-ақ Айя Нұпбай 195-тен 159-ға шықты.