Санжар Тәшкенбай бастаған 4 боксшы Белград турнирінің чемпионы атанды

2 568

Фото: www.instagram.com/boxingkazakhstan/Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.


Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Диас Молжігітов чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев (+92 кг) күмісті қанағат тұтты.


Аталмыш жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.