ТМД елдерінің ІІ ойындары өз мәресіне жетті

1 382

II ТМД елдері ойындарының жабылу салтанаты «Минск-Аренада» өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі БЕЛТА-ға сілтеме жасап.


Он күндік спорттық форум көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Кеше ғана «Минск-Аренада» II ТМД елдері ойындары ашылған еді, ал бүгін аяқталды.


Елдің он қаласында өткен жарыс тарихқа ауқымды және есте қаларлық спорттық оқиға ретінде кіреді. Мерекелік шара басталмай тұрып, «Минск-Аренаға» елорда қонақтары мен тұрғындары жинала бастады. Олардың көңілін үлкен қуыршақтар көтеріп, суретке түсе бастады.


Жексенбі күні ауа райы да қолайлы болды, сондықтан алаңда адам көп болды.


Трибуналар салтанатты шараға бір сағат қалғанда толып қалды, ал басталған кезде орын болмады. Көрермендердің іші пыспасын деп олардың көңілін жүргізушілер мен желісті жылқылар – II ТМД елдері ойындарының тұмары аулады. Іс-шара кезінде сахнаға атлеттер, жаттықтырушылар, еріктілер мен басқа да қатысушылар өз елдерінің туларын көтеріп шықты. ТМД жалауы Әзербайжанға табысталды – 2025 жылғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының келесі ойындары сонда өтеді. Ал Беларусьтегі ойындарды ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев жапты.


Жабылу салтанатынан кейін қонақтарға музыкалық және би бағдарламалары ұсынылды. «Минск-Арена» қонақтары үшін импровизацияланған дискотека ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар бағдарламаға жастарға танымал әндерді енгізіп, жас қонақтар би биледі. Сахнадағы спортшылар мен еріктілер олардан қалыс қалмады.


Минчанка Татьяна мерекелік іс-шараға қызы Дарьямен келді. Сегіз жастағы қызға музыкалық бөлім мен таныс әндерге билеген ұнады.


«Қызыма қатты ұнады, көңілім толды. Ойындардың ашулуына қатыса алмадық, сондықтан салыстыра алмаймыз. Бірақ бүгін бәрі көңілді өтті», - деп бөлісті Татьяна.


Жабылу салтанаты би бағдарламасымен аяқталды.