Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов белгісіз ирандық боксшыдан ұтылып қалды

319

Фото: Prosports.kz.Дубайда бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Үшінші жарыс күнінде Қазақстан командасындағы үздік спортшыларының бірі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліс тапты.
Бекзад турнирдегі бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Ол жарысты ширек финалдан бастаған болатын. 


Нұрдәулетовтің қарсыласы – ирандық спортшы Мейсам Гешлаги. Бекзад пен Мейсам арасындағы кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Иран боксшысына берді. 


Бұл Бекзадтың 2019 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы жеңілісі. Әлеуметтік желіде жанкүйерлер Нұрдәулетовтің таза жеңілгенін айтып, оның турнирде көп ешкімге белгісіз, бокста айтарлықтай табысы жоқ спортшыдан ұтылғанына реніш білдіруде.
 «Таза ұтылды, Бекзад! Мойындау керек», «Бекзад шаршаған. Өз-өзіне ұқсамайды», «Өкінішті, бапкері де, Бекзад та ирандықты менсінбей шықты» деп жазуда жанкүйерлер. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.