Қазақстандық боксшы "Канеломен" жұдырықтасуы мүмкін

393
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) осы салмақтағы WBC, WBA Super және WBO белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алуы ықтимал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

WBA ұйымы мексикалық боксшығы белбеуді міндетті түрде қорғауы керек екені туралы талап қойса, Ербосынұлына мүмкіндік туады. Бірақ оған дейін "Канело" қарашада әлемнің абсолют чемпионы атану үшін IBF белбеуінің иегері Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) кездесу өткізеді. 

Ал Ербосынұлы Саульге қарсы кездесуге шығу үшін Аллен Ленноксты (22-1-1, 14 КО) жеңуі қажет. Бұл кездесу 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Кездесуде WBA белбеуінің міндетті қарсыласы атағы сарапқа салынады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.