Бүгін футболдан Қазақстан - Армения құрамаларының жолдастық кездесуі өтеді

2 545

Фото: Қазақстан футбол федерациясыБүгін, 11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өткізіледі.


Кездесу 11 маусымда сағат 21:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Екі құрама қазірге дейін сегіз мәрте өзара кездесті. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан басым түсті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді.


ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.


Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.