Заңғар Нұрланұлы Еуропада үздік шетелдік теннисші атанды

431
Қазақстандық жас спортшы Заңғар Нұрланұлы Еуропада үздік шетелдік теннисші атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәлімдеуінше, биыл қазақстандық теннисші үздік ондыққа кіріп, жекелей және жұптық разрядтарда екі титулды жеңіп алды. Сондай-ақ, ол Франциядағы турнирдің финалына жетті.

"Номинацияны жеңіп алғаныма қуаныштымын. Бір жыл бойы жақсы ойын көрсетуге тырыстым, әр турнирде жоғары деңгейге жеттім.  Мен өз жаттықтырушыларыма және, әрине, Қазақстан теннис федерациясына қолдау мен мотивация үшін алғыс айтқым келеді. Келесі жылы мен ITF жасөспірімдер турнирлерінде ойнауым керек, сонда да лайықты ойын өрнегін көрсетемін деп үміттенемін", – деп атап өтті Заңғар Нұрланұлы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл номинацияны қазақстандық Зара Даркен жеңіп алды.