Futsalplanet Awards 2021 жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

264
Futsalplanet.com порталы жыл сайынғы Futsalplanet Awards 2021 жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы футзалдан әлемнің ең үздік қақпашысы атағын Гитта деген атпен танымал бразилиялық футзалшы Тиаго Мендес Роша жеңіп алды. Жалпы ұпай саны – 299. Дәл осы номинацияға Қазақстан мен «Қайрат» қақпашысы Игита ұсынылды. Ол екінші орын иеленді.

«Үздік ерлер командасы» номинациясында Португалия құрамасы жеңіске жетті. Қазақстандықтар үшінші орында. Жалпы ұпай саны – 171.

«Ерлер құрамасының үздік жаттықтырушысы» номинациясында португалиялық Хорхе Гомес Брас жеңіске жетті. Ал Қазақстан құрамасының бапкері Пауло Рикардо Кака үшінші орынға тұрақтады. Ұпай саны – 193.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.