Валерий Рахымжан Германиядағы әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

2 469

Фото: ҰОКҚазақстандық мерген Валерий Рахымжан Мюнхенде өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Рахымжан 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жарысында ел намысын сәтті қорғады. Ол финалда  241.9 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.Аталған бағдарлама түрі бойынша әлем кубогының жеңімпазы – қытайлық Ху Кай (242.3 ұпай). Үшінші орын неміс спортшысы Кристиан Рейтцке бұйырды (220.8 ұпай). Валерий Рахымжан іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, финалға шыққан болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.