Алексей Ни Илья Ильиннің үйін тартып алған
1 616
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов Берен Live жобасына берген сұхбатында ұлттық құраманың бас бапкері болған Алексей Нидің Илья Ильинді алдап, үйін тартып алғанын айтты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Кейін Илья Ильин құрамадан кеткен соң Алексей Ниден үйін қайтарып алған.
«Илья Ильин, білесіздер, 17 жасында ересектер арасында әлем чемпионы болды. Сол кезде оған Қызылорда қаласынан пәтер сыйлады. Одан кейін еліміздің беретін сыйқасы бар, ағаларының сыйлығы бар. Соған Алматыдан үй сатып алды.
Есімде, 2008 жылы Олимпиаданың алдында Венгриядан допинг тексеруге келді. Тамаш Аян адамдар. Сол кезде Алексей Ни (ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері - авт.) Илья Ильинге: «Сен допинг ішкенсің, ты грязный, я буду разводить» деп айтқан. Ол кезде Илья 17 жасар бала, ақшасы жоқ, бірақ сыйға алған пәтері бар. Соны берді Алексей Ниге, «Мына үйімді алыңыз, сіз өзіңіз шешіңіз»
Сомен Алексей Ни үйді алып, кейін шештім деді. Ол кезде Илья екеуіміз база бір бөлмеде тұрамыз. Илья келіп, «Сөйлесті, шешті Алексей Ни» деп айтты.Содан кейін Ержас Болтаев 2010 жылдан бастап мұны (Илья Ильинді) зерттейді. Айтып тұрмын ғой, өте талантты жігіт Ержас. Сөйтсе, Илья Ильин допинг, ештеңе ішпеген. Тек Алексей Геннадьевич, біздің бас бапкер алдап соққан. 17 жасар баланы. Үйді біреудің атына аударып алған», - деді спортшы.