Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

2 528

Фото:ҚФФБокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметінен кеткеннен кейін оның орнына жаңа бапкер тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлттық құраманың су жаңа бас бапкері Нұржан Насанов.

Нұржан Насанов екі дүркін әлем чемпионы Санжар Ташкенбайдың жеке жаттықтырушысы. Сондай-ақ ол бұған дейін Қайрат Сәтжановтың көмекшісі қызметін атқарған.

Енді Нұржан Насановтың жетекшілігімен Қазақстан ұлттық құрамасы биыл өтетін Азия чемпионатына және Азия ойындарына қатысады.

Нұржан Насанов 1975 жылы дүниеге келген. Ұлттық құрама сапында 2024 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал бапкерлік мансабын 2016 жылы бастаған.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сәтжановтың бас бапкер қызметінен кеткені хабарлаған едік. Белгілі болғандай, ол денсаулығына байланысты бапкерліктен кетуге мәжбүр болған

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.