Головкин «Канелоны» нокаутпен жеңе ала ма? - сарапшы жауап берді

583
Boxing247.com сайтының авторы Роб Смит Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы трилогияға болжам жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол отандасымыздың бұл кездесуде керемет өнер көрсетіп, мерзімінен бұрын жеңіске жететініне сенбейді.

«Головкиннің 17 қыркүйекте «Канеломен» үшінші жекпе-жегі үшін алатын жалақысы GGG зейнетке шыққан соң жайлы өмір сүруіне жетерлік тамаша табыс болады. Әрине, Головкин мансабын «Канелоны» нокаутпен жеңумен аяқтаса, керемет мәре болар еді, бірақ оның соңғы төрт жекпе-жегіне қарап, бұл мүмкін емес екенін аңғарамыз.
Головкин сәуір айында өткен соңғы жекпе-жегінде WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Риота Муратты жеңді, бірақ ол кездесуде ӨТЕ қарт көрінді. Головкиннің күші әлі бойында, бірақ қолының жылдамдығы, рефлексі мен төзімділігі нашарларған. Ол 2019 жылдан бері екі жарым жыл бойы жекпе-жек өткізбеген 36 жастағы Муратаға қарсы үш раундтан кейін шаршап қалғандай көрінді»,
— деді сарапшы.