Бокстан қоржында қос медаль

332
Болгария астанасында бокстан халықаралық турнир жалғасып жатыр. Финалға 2 cпортшымыз,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

73-ші рет ұйымдастырылған «Странджа» бәсекесі жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Жарыстың кезекті күні 2 боксшымыз жартылай финалға жолдама алып, 2 медальді иемденді. Атап айтқанда, ауыр салмақтағы Абзал Құттыбеков соңғы жекпе-жегінде әлем чемпионатында жүлде алған испаниялық боксшыны ұтып, жарыс жолынан шығарып тастады. 

Әйелдер арасында дәл осындай жетістікке 81 келідегі Ләззат Күнгейбаева қол жеткізді. Ширек финалда бағын сынайтын ерлер арасында 13, әйелдер арасында 12 спортшымыз бар. София қаласындағы турниндің жалпы қорытындысы 29 ақпанда белгілі болады. Айта кетейік, биылғы бәсекеге 36 елден 500-ге жуық қатысушы жиналған болатын.