Қызылордада спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды
573
Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры пара бергені үшін сотталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды.
Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды деп жазды хабарламада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.