Билік рұқсат бермеді: Головкин жапониялық чемпионмен биыл жұдырықтаса алмайды

215
Головкин жапониялық чемпионмен биыл жұдырықтаса алмайды. Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек шегерілді,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ESPN мәліметінше, себеп - COVID бойынша Жапониядағы жаңа шектеулер. Енді елге шетелден кіргуе рұқсат жоқ. Бұл шара вирустың «омикрон» штамы таралмас үшін жасалған.

Ресми тұлғалар Головкин үшін жеңілдік сұраған, алайда Жапония үкіметі бас тартты. Енді 29 желтоқсанға белгіленген жекпе-жек келесі жылға шегеріледі деп жоспарлануда. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.