Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты

403
Қазақстанның – 1-ші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалға шықты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 

Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге екінші айналымда чилилік Алекса Гуарачи – америкалық Дезире Кравчикпен шеберлік байқасты. 

Супер тай-брейкте Рыбакина мен Кудерметова қарсыластарына бірде-бір ұпай берген жоқ – 10:0. Қазақстандық-ресейлік жұп 1 сағат 43 минутқа созылған тартысты матч барысында 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. 

Қарсыластары 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады. Е.Рыбакина мен В.Кудерметова жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Мария Боузкова – Луция Градецкаямен таласады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.