Қазақстан жас хоккейшілерінің қарсыластары қалай ойнады

2 507

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында екінші турда Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары қалай ойнағаны белгілі болды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.


Үшінші турда қазақстандық жастар Франциядан 4:0 есебімен басым түсті.


Ал бұл турда Жапония Венгрияны овертаймда 5:4 есебімен жеңсе, Дания Австрияны 4:3 есебімен сүріндірді.


Қазіргі дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті.


Алғашқы үш турдан кейін тоғыз ұпаймен Қазақстан көш басында келе жатса, Франция мен Австрияның 6, Данияның 3, Жапонияның 2, Венгрияның 1 ұпайы бар.


Енді қазақстандық хоккейшілер 14 желтоқсанда Жапониямен кездессе, 17 желтоқсанда Австриямен шеберлік байқасады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.