"Қателікке жол берді": Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді аяқтады

2 507

фото: www.istockphoto.comҚазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 санаттағы турнирді екінші айналымда аяқтаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ол әлемнің 35-ракеткасы филиппиндік Александра Эаладан ұтылып қалған.

Жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші бәсекені екінші айналымнан бастаған. Бұл кезеңде оған әлемнің 35-ракеткасы, филиппиндік Александра Эала тап келген. Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 5:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалған.

Теннисшілер кортта 1 сағат 32 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 13 эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді және екі брейк-пойнттың біреуін ғана тиімді пайдаланған.

Осылайша, Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдегі жарыс жолын екінші айналым кезеңінде аяқтаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.