Қазақстан чемпионы жұмыс орнында қаза тапты

2 503

Фото: buginmedia.kzТүркістан облысындағы кафель өндіретін зауыттардың бірінде танымал спортшы Тілектес Әділ өмірден өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай спортшының жұмыс орнында болған. Еңбек барысында ол абайсызда электр сымына тиіп кетіп, ток соққысынан кейін биіктіктен құлаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Осылайша, өндірістегі жазатайым жағдай салдарынан есту қабілеті төмен спортшылар арасында ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақ мезгілсіз ажал құшты.

Тілектес Әділ Бақытжанұлы спортта үлкен межелерді бағындырған спортшы еді. Ол 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының II Спартакиадасында грек-рим күресінен 55 кг салмақ дәрежесінде топ жарса, 2019 жылы Қостанайда өткен ересектер арасындағы командалық Қазақстан чемпионатында 60 кг салмақта алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, ол бірнеше рет республикалық және халықаралық бәсекелерде жүлдегерлер қатарынан көрінген.

Соңында жары мен екі баласы қалған азаматтың қазасы туған-туыстары мен спорт қауымдастығына ауыр тиді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.