"Менің ақшамды есептеп қайтесіздер": Шавкат Рахмонов

2 512

Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty ImagesUFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды жеңгеннен кейін алған гонорары жайлы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


TV промоушенінің Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстандық файтер баспасөз мәслихатында журналистердің гонорар туралы сұрақтарына жауап берді. Стивен Томпсонға қарсы өткен жекпе-жектен соң бірден спортшының алған ақшасы туралы ақпарат жарияланған еді. Ол мәліметке сүйенсек, бұл кездесуде Шавкат Рахмонов 306 мың АҚШ долларын алса, қарсыласы 416 мың АҚШ долларын тапқан екен. 


"Шынымды айтсам, таралған ақпарат жалған. Томпсонның менен қанша көп ақша алғанын білмеймін, бірақ өзім айтылған соммадан көп таптым. Қанша екенін келісімшартқа сәйкес айта алмаймын. Менің ақшамды санап қайтесіздер?", – деді Рахмонов. 

Айта кетейік, Рахмонов UFC 296 турнирінде Стивен Томсонды екінші раундтың соңына қарай тұншықтыру әдісімен жеңген еді.