Боксшы Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

495
Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


«Панда» лақап атымен белгілі қазақстандық боксшы АҚШ-тың Орландо қаласында жекпе-жек өткізді. Ол шаршы алаңдағы қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21-17, 15 КО) бірінші раундта сұлатып түсірді.

Айта кетейік, Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 8 қыркүйекте Сантьяго де Толуда (Колумбия) өткізді. Онда жергілікті спортшы Мануэль Банкесті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.