Елдос Сметов “Жылдың үздік дзюдошысы“ шорт-парағына ілінді

2 695

Фото: olympic.kzХалықаралық дзюдо федерациясы (IJF) "Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы" номинациясы бойынша IJF Judo Awards 2024 шорт-парағын ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кеңейтілген тізімге Парижде (Франция) өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жеті жеңімпазы енген. 

Тізім IJF сайты арқылы көрермендердің дауыс беруі негізінде жасалды. Нәтижесінде жеті үміткердің ішінен үш спортшы таңдалды: қазақстандық Елдос Сметов, Хидаят Гейдаров (Әзербайжан) және Лаша Бекаури (Грузия).

Енді бұл номинация бойынша жеңімпазды IJF сарапшылар комиссиясы анықтайтын болады.

Марапаттау рәсімі 1-2 ақпан күндері Парижде (Франция) өтетін Grand Slam турнирі кезінде өтеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.