Шерхан Қалмұрза “Қайрат” футбол клубымен келісімшартты ұзартты

1 560

Фото:”Қайрат” фкАлматылық “Қайрат” футбол клубының жұлдызды қақпашысы Шерхан Қалмұрза жаңа келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шерхан Қалмұрза “Қайрат” клубымен 2028 жылдың 30 қарашасына дейін келісімшартты ұзартты.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза Темірлан Анарбеков жарақат алып қалғаннан кейін Чемпиондар лигасында “Спортингке” қарсы матчта негізгі қақпашы ретінде алаңға шықты. 

Сол ойында ол 11 метрлік айып добын қайтарып, турнир тарихында 18 жасқа толмай тұрып пенальтиді тойтарған ең жас қақпашы ретінде ерекше жетістікке қол жеткізді.

Бұдан бөлек, Қайрат” атақты Мадридтің “Реалына” қарсы матчта дәл осы Шерхан қақпаға тұрды. Ол ойын барысында қақпаға 5 гол өткізіп алғанына қарамастан жанкүйерлердің көзайымына айналды.

Сонымен қатар Шерхан Қалмұрзаға алматыдағы тарихи ойын “Реал Мадридпен” матчтан кейін жеке кәсіпкер Ұлықбек Шарипов оған заманауи Exeed маркалы көлігін тарту етсе, ал Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды спортшыға білім грантын табыстады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.