«Барыс» беларусьтік «Динамоға» есе жіберді
284
Құрлықтық хоккей лигасында Астаналық «Барыс» кезекті ойынын Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен өткізді-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Командалар тартысты ойын өткізді. Есепті алғаш болып қазақстандық команда ашты. Олардың қатарынан 1-минутта Якоб Лилья гол соқса, ол 7-минутта есепті үстемелей түсті. Одан кейін 10-минутта «Динамо» сапынан Артём Демков мергендік танытты, 19-минутта Маттиас Теденбю таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңнің 27-минутында Даррен Диц «Барысты» тағы алға шығарды. Ал 35-минутта Маттиас Теденбю есепті теңестірді. Даррен Диц 36-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ойынның үшінші кезеңі де тартысты өтті. Беларусьтік хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Илья Усов – 45, Марио Кемпе – 51, Тайлер Граовац 52-минуттарда өзінің еншісіне жазды. Қазақстандық командадан Якоб Лилья 52-минутта кездесу барысында хет-трик авторы атанды.
Кездесуде «Барыс» қарсыласына 5:6 есебімен есе жіберді.