Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 10-орынға түсіп қалды

2 285

Фото: ҚТФӘйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

АҚШ-тағы Майами WTA 1000 турнирінің екінші айналымында-ақ 20 жастағы америкалық Эшлин Крюгерден ұтылып қалған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 8-ден 10-орынға төмендеді.

Аталған жарыста бұған дейін Е.Рыбакина қатарынан екі жыл финалға дейін жеткен еді. Биыл сол табысын қайталай алмай, рейтингілік ұпайынан айырылды. 

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бұдан кейін де төмен түсуі мүмкін. Өйткені ол сәуір айында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуіне байланысты өткен жылы өзі чемпион атанған Штутгарт WTA 500 турниріне қатыспайды.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.