Азия ойындары аяқталды: Қазақстан қай орында?

2 517

Кеше,  8 қазанда Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Азия ойындары аяқталады. Соңғы жарыс күнінде отандық спортшылар тағы екі медалді қоржынға салды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Нақтырақ айтсақ каратэші Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.


Ал біздің синхронистер Арина Пушкина, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова, Этери Какулия, Анна Павлецова, Әйгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Жәния Жиенғазы, Арина Мясникова және Ксения Макарова көркемдік жүзуде қола жүлдені жеңіп алды.


Осылайша, Қазақстан Азиаданы медальдық есепте 11-орынға тұрақтап, 80 медальге ие болды. Оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола бар.


Жалпы Азия ойындарында бірінші орынды Қытай - 383 (201-111-71), екінші орынды Жапония - 188 (52-67-69), үшінші орынды Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89) иеленді.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.