Сабина Алтынбекова шетелдік волейбол клубының капитаны болды

2 684

Фото: instagram/ altynbekova_20Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова индонезиялық «Yogya Falcons» командасының капитаны болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

«Yogya Falcons командасының капитаны болу мен үшін үлкен құрмет. Біздің командаға, жаттықтырушыларға, менеджерлерге, клуб директоры мені осындай сеніммен таңдағаны үшін рақмет. Капитан болу мен үшін жаңалық емес, сондықтан бұл міндеттің қаншалықты жауапты екенін білемін. Мен сендерді жерге қаратпаймын. Бүгін алғашқы ойынымызды өткіздік, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Қателіктер болды, бірақ біз оларды түзетуге дайынбыз және 2025 жылғы Пролиге дайындаламыз. Алда көп нәрсе бар, бәрі одан да жақсы, мықты және күшті болады», — деп жазды С. Алтынбекова.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.