Қазақстан жасөспірімдері Азия Пара ойындарында 68 жүлде еншіледі
Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте Қазақстан командасы 45 мемлекеттің ішінде 5-ші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар голболдан ұлттық құрама алтын медальға, боччадан күміс медальға, ал пара таеквондодан бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді. Пара садақ атудан Қазақстан атынан бір спортшы қатысып, бұл спорт түрі бойынша жүлде тіркелген жоқ.
Айта кетері, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.







