Французға тұрмысқа шыққан қазақ қызы марафонға жүгіруден чемпион атанды

416

Француз спортшысына тұрмысқа шыққан қазақ қызы Жанна Мамажанова жеңісімен қуантты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова Францияның Салон-де-Прованс қаласында өткен 10 шақырымдық марафонда жеңіске жетті.

Марафонда Мамажановаға ешкім тең келген жоқ. Ол аталған шақырымды 33 минут 56 секундта жүгіріп өткен.

Бұл Мамажанованың биылғы маусымдағы алғашқы жеңістерінің бірі.

Айта кетсек, жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Жанна Мамажанова былтырғы жылы француз жігіті Марко Туриге тұрмысқа шыққан.

Марко Тури де спортшы. Ол 10 мың шақырымға жүгіруден Францияның үш дүркін чемпионы. Екеуі халықаралық жарыстарға бірге қатысқан. Сондай марафондардың бірінде танысқанын әлеуметтік желіде жазған болатын.

"Жүрегім ештеңеге қарамастан сүю үшін осы адамды таңдады. Мен сені сүйемін",- деп жазған болатын қазақ қызы әлеуметтік желіде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.