Шавкат Рахмонов UFC-де жеңіліс көрмеген 4 файтер қатарына енді

2 500

Фото: Cooper Neill/Zuffa LLCҚазақстандық орта салмақтағы файтер Шавкат Рахмонов танымал MMA Uncensored ресурсының нұсқасы бойынша UFC ұйымындағы жеңіліс көрмеген спортшылар тізіміне ілікті, - деп хабарлайды   Opennews.kz   ақпарат агенттігі.

Sportarena.kz басылымының жазуынша, қазір Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында жеңіліс жоқ.

"UFC-дің төрт файтері әлі де мінсіз көрсеткішке ие! Америкалық Джош Хокит (10-0), эквадорлық Майкл Моралес (19-0), қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) және америкалық Томми Макмиллен (12-0) ММА-дағы кәсіби мансабында әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген", – деп жазды MMA Uncensored.

Жинақ авторлары қарсыластар деңгейі өскен сайын жеңіліссіз көрсеткішті сақтап қалу спортшылар үшін қиындай түсетінін де атап өтті.

Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы 19 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның 18-і мерзімінен бұрын аяқталған. Нақтырақ айтсақ, 8-ін нокаутпен, тағы оншақтысын қарсыласын берілуге мәжбүрлеу арқылы жеңген.

Қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жалғыз жеңісіне әзірге соңғы жекпе-жегінде қол жеткізді. Ол 2024 жылғы желтоқсанда UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, оның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне айналды. Содан бері Рахмонов октагонға шыққан жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.