Биатлоннан әлем кубогы: әйелдер арасындағы эстафетада кімдер бақ сынайды

2 558

Фото: ҰОК14 қаңтарда Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңі басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында 4x6 шақырымдық эстафеталық жарыс ұйымдастырылады. 

Аталған додада Қазақстан құрамасының сапында Милана Генева, Полина Егорова, Дарья Климина және Алина Скрипкина бақ сынайды.  

Басталуы Астана уақытымен сағат 18:30-да белгіленген жарысқа 19 команда қатысады.