Бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасында 5 қазақстандық алтынға таласады

2 698

Фото: Қазақстан бокс федерациясыТаиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында сейсенбі күні әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстаннан бес боксшы алтын медаль үшін рингке шығады.

Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Цян Лимен бас жүлдені сарапқа салады.

Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта Вьетнам өкілі Лин Хамен жұдырықтасады.

Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі Байсон Маниконмен шеберлік байқасады.

Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта украиналық Карине Айрапетянмен қолғап түйістіреді.

Аса ауыр салмақта жеребе бойынша бірден финалға өткен Елдана Талипованың қарсыласы – өзбекстандық Олтиной Сотимбоева.

Қазақстаннан Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) қоланы қанағат тұтты. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.