«Қазақстандық Бахтияр Зайнутдинов ең қауіпті ойыншы» – British Broadcasting

521

Британияның British Broadcasting компаниясы Еуро-2024 чемпионатының Н тобына түскен Қазақстан құрамасы туралы және ондағы ең қауіпті ойыншы туралы айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Аталған топта Қазақстан құрамасы Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино елдерімен ойнайды.

ФИФА-дағы рейтингтері – 113. Бас бапкері – Магомед Адиев. Капитан: Асхат Тағыберген. Ең үздік ойыншылары – Бахтияр Зайнутдинов.

Н тобындағы басқа командаларға қарағанда Қазақстан бейтаныс деуге болады.

"Магомед Адиев жаттықтыратын ойыншылардың дені ұлттық чемпионтантта ойнайды, дегенмен 24 жастағы мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов өте қауіпті ойыншы әрі оның еншісінде 10 ойында 24 гол бар.
Еуропадағы рейтингтері өте төмен болғанына қарамастан, олар лайық деп қарау керек қарсылас. Себебі 4 бірдей ойында жеңіске жеткені бар. Солтүстік Ирландия Қазақстанмен ешқашан кездескен емес, сондықтан бұл екі жақ үшін бірінші ойын болмақ», –
деп жазылған мәтінде.