Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға көлік сыйға берілді

2 529

Фото: Instagram/balkibekovaas21 желтоқсанда атақты боксшы Алуа Балқыбековаға BYD маркалы автокөлік сыйға берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осылайша Алматы қаласының бокс федерациясы халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыны ерекше атап өтті. Сыйлықты табыстау федерацияның жыл сайынғы конференциясы барысында өтті, ал іс-шарадан түсірілген кадрлармен Алуа Instagram парақшасында бөлісті.

Алуа 51 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Ливерпульде өткен World Boxing бойынша соңғы әлем чемпионатында Балкибекова "алтын" медаль жеңіп алып, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.

Бұған дейін қазақстандық тағы бір боксшы Балауса Мүздіман 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеген болатын.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.