Қоңқабаев пен Бибосынов Олимпиаданың қола жүлдесі үшін берілетін сыйақыны қайырымдылыққа жұмсамақ

430
Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының олимпиадалық команданы марапаттау мақсатында өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов қола жүлде үшін берілетін 75 мың доллар көлеміндегі мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа аудармақ.

Айта кеткен жөн, бокс федерациясының басшылығы спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын да ақшалай сыйақымен марапаттады.

Сонымен қатар, Олимпиадаға қатысқан боксшыларға да бағалы сыйлықтар табысталған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев мемлекет тарапынан алған сыйақыны науқас балалар мен мұқтаж жандарға беретінін мәлімдеген болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.