Әлемнің түрлі елдерінде Олимпиада жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі

293
Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін спортшыларға ұйымдастырушылардан ақы төленбейді. Алайда олар жеңіске жеткен жағдайда өз елінен қомақты қаржы алатыны белгілі. 

АҚШ-та Олимпиада жүлдегерлері әр алтын медаль үшін 37 500 доллар алады (15, 9 миллион теңгеден астам), деп жазады DIARIO AS.


 Егер спортшы күміс алса, 22 500 долларға ие болмақ (9,5 миллион теңге). Қола медаль үшін 15000 доллар (6,3 миллион теңге) қарастырылған. 


Ұлыбритания өз спортшыларына Олимпиададағы медальдары үшін сыйақы ұсынбайды, бірақ жыл сайын бұл мемлекет олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне 162 миллион доллар (68 миллиард теңге) бөледі. Осы қаражаттан спортшылар жарыстарға қатысу үшін жылына 36000 доллар (15,2 миллион теңге) жалақы алады, деп жазады Newsweek. 
Алтын медаль алған австралиялықтар Олимпиададан кейін өз спортында қалу келісімшартымен 20000 доллар (8,4 миллион теңге) сыйақы алады, деп жазады Fox Sports Australia. 


Күміс медаль иеленгендерге 13 400 доллар (5,6 миллион теңге), ал қоланы қанағат тұтқандарға - 10 000 доллар (4,2 миллион теңге) беріледі. 


Сингапур алтын медаль алған спортшыларына қаржыландыру бағдарламасы арқылы 1 миллион доллар (424,6 миллион теңге) ұсынып отыр. Күміс медаль үшін бұл ел 500 000 доллар (212,3 миллион теңге), ал қола медаль үшін 250 000 доллар (106,1 миллион теңге) бермек, деп хабарлайды EssentiallySports.


 Францияда алтын алғандарға 55000 доллар (23,3 миллион теңге), күміске 22 000 доллар (9,3 миллион теңге) және қолаға 14 000 доллар (5,9 миллион теңге) сыйақы беріледі. 
Ресейдің спорт министрі Олег Матыцин Ресейдің олимпиадалық құрамасының спортшыларына алтын медаль үшін 4 миллион рубль (23,1 миллион теңге), күміс үшін 2,5 миллион рубль (14,4 миллион теңге), қола үшін 1,7 миллион рубль (9,8 миллион теңге) берілетінін жеткізді, деп хабарлайды РБК.


 Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына сыйақы мөлшері төмендігейді болмақ. 
бірінші орын үшін спортшыға және оның жаттықтырушысына 250 000 доллар (106,1 миллион теңге),


 екінші орынға - 150 000 доллар (63,6 миллион теңге), 


үшінші орынға - 75 000 доллар (31,8 миллион теңге) беріледі.