Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасына баратынын айтты
Арман жолында көп нәрседен бас тартуға, көп тәуекелге баруға тура келді.
Елдос Сметов Париждегі алтын жеңісіне бір жыл толуына орай әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды "Openews.kz" ақпарат агенттігі.
Сметов Олимпиада алтынына дейінгі жолдың ауырлығын еске алып, бұл жетістіктің өміріндегі ең биік белес екенін айтты:
Жеңістен кейін Сметов өміріне жаңа көзқараспен қарап, отбасы мен жақындарына көбірек көңіл бөлуге тырысып жүргенін айтты. Алайда бұл спорттан кету емес. Қайта, оның алдында жаңа биік тұр — Лос-Анджелестегі Олимпиада.
Еске салсақ, 2024 жылы Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жарыс қожайыны Лука Мхеидзені жеңіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Осылайша, ол Олимпиададағы медаль жиынтығын толық жинаған санаулы дзюдошылардың қатарына енді.







