Данияр Елеусінов ZUFFA жобасында: Қазақ боксшысы жаңа деңгейде сынға түседі
Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов алдағы жоспары жөнінде әңгімелеп берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жақында Данияр Елеусінов АҚШ-тың Вашингтон қаласында филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 KO) шеберлік байқасты. Жартылай орта салмақта өткен бәсекеде отандасымыз қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Данияр кәсіпқой рингтегі он үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Кездесуге тыңғылықты дайындық жүргіздім. Ол АҚШ-тың Питсбург қаласында өтті. Барлық талапты сақтап, жекпе-жекке толықтай дайын болдым. Бапкердің шешіміне құлақ асып, қарсыласымды жан-жақты зерттеуге көңіл бөлдім. Бұл жекпе-жек барысында тиімділігін көрсетті, - деді кәсіпқой боксшы.
Қазір Данияр америкалық тәжірибелі бокс маманы Томас Янкелломен жұмыс жасап жатыр. Ол кіші Рой Джонс секілді көптеген былғары қолғап шеберін дайындаған.







