Жүзуші Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ұлттық рекорд орнатты

2 280

Фото: olympic.kzӘділбек Мусин жүзуден Әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында жүзу сайыстары басталды. 27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты. Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартып, қашықтықты 23.33 секундта жүзіп өтті.

Ол 18-орын иеленді. Алайда келесі кезеңге 16 үздік спортшы ғана өтті. Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын алды. Ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.