Анастасия Городко - Алматыдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

2 669

Фото: Туризм және спорт министрлігіОтандасымыз Анастасия Городко Шымбұлақта өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында 2-орын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол таңдаулы 6 спортшы арасындағы суперфиналда 70.79 балл алды.

Алтын медаль былтыр қола жүлдегер атанған жапониялық Юма Тагучидің еншісінде (72.43 балл). Үздік үштікті тағы бір жапон Мисе Куриа түйіндеді (66.63).

Еске сала кетейік, Анастасия 2022 және 2024 жылы Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласы қабылдаған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында алтыннан алқа таққан. Сонымен қатар параллель могулда 2 рет күміс жүлдеге ие болған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.