Гүлшара Әбдіқалықова Токио Олимпиадасына қатысқан қызылордалық спортшыларды қабылдады

266
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Токио Олимпиадасына қатысқан қызылордалық спортшыларды қабылдады, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпараттық агенттігі. 

Олардың қатарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев, каратаэ-до шебері Мөлдір Жаңбырбай және еркін күрестен Дәулет Ниязбеков бар.


Кездесу барысында облыс әкімі спортшыларды байрақты бәсекеде ел абыройын қорғап келгеніне ризашылығын білдірді.


 Жүздесу барысында аймақ басшысы демеушілер атынан Қазақстан құрама командасының капитаны,  қола жүлдегер Қамшыбек Қоңқабаевқа ТOYOTA  CAMRI 75 көлігін табыс етті. Ал жеке бапкері Сейтжан Төкеновке 1 млн теңгенің сертификатын табысталды. 
Сондай-ақ, Мөлдір Жаңбырбай мен  Дәулет Ниязбеков ақшалай сыйлықпен марапатталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.