Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

1 335

2024 жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне іріктеу сынында Қазақстан құрамасы төртінші матчын сырт алаңда Солтүстік Ирландияға қарсы өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы маңызды жеңісіне жетті.


H тобындағы басқа командаларға келетін болсақ: Финляндия құрамасы Сан-Мариноны 6:0 есебімен жеңіп, Словения мен Дания құрамалары 1:1 есебімен тең түсті.


Енді қазақстандық футболшылар 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияға қарсы матч өткізеді.


Қазақстан құрамасы осымен үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Euro-2024 іріктеуінде алғашқы матчта Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, одан кейін Дания (3:2), Сан-Марино (3:0), Солтүстік Ирландия (0:1) құрамаларынан басым түсті.


Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландияны жеңгеннен кейін турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.