Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

349

Фото: Astana Arlans InstagramБұл туралы Astana Arlans Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

"Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевты жаңа қызметrt тағайындалуымен құттықтаймыз. 

Белгілі болғандай, Бақтияр Артаев бокстан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы бол5fy Болат Әбдірахмановтың орнына келді.

 Бұл тағайындау қазақстандық бокстың дамуына қызмет етеді деген сенімдеміз" делінген хабарламада. 


Айта кетейік, Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

 Ол Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері. 

2004 жылғы Грекияның Афины Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). Сонымен қатар былғары қолғап шебері жеті дүркін Қазақстан чемпионы. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.