Қазақстан құрамасы Германияда бірлескен жаттығу жиынына қатысады

262

Фото: Prosports.kz.Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Германияда оқу-жаттығу жиынына қатысады.

Бірлескен оқу-жаттығу жиынында Қазақстан құрамасымен қатар Куба және Германия спортшылары да болады.

18-30 мамыр аралығында жоспарланған жиынға он спортшы қатысады.

Ерлер:

1. Бейбарыс Жексен (57 кг)
2. Ермахан Жақпеков (75 кг)
3. Сағындық Тоғамбай (91 кг)
 4. Дамир Тойбай (+91 кг)

Қыздар: 

1. Мария Гладкова
2. Дарига Шәкімова
3. Балжан Асқар
4. Айжан Қожабекова
5. Виолетта Князева
 6. Надежда Рябец.

Айта кетерлігі, бірлескен оқу-жаттығу жиыны Германияның Грюнхайде аймағында өтеді. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.