Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогында 5 медаль жеңіп алды

2 512

Фото:©Қазақстан дзюдо федерациясыҚазақстан құрамасы дзюдодан Польшадағы Еуропа кубогын 5 медальмен аяқтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық дзюдошы Айбол Нысанәлі Польша астанасы Варшава қаласында өткен Еуропа кубогында қола жүлдегер атанған. Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақта белдескен ол үздік үштіктен көрініп, ел қоржынына бесінші жүлдені салды. Жұбаныш финалында отандасымыз украиналық Олександр Токтамышты қапы қалдырды. Қазақстан құрамасы Варшавада өтен Еуропа кубогін 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен жалпы командалық есепте бесінші орынмен аяқтаған. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына Қазақстанның үш спортшысы көтерілген. 

Финалда Тоқтар Умуталиев Сұңғат Нұрлатұлын жеңсе, бұл салмақта қола жүлде үшін белдесуде Асылхан Зинуллин польшалық спортшы Ксаверий Игнасякты қапы қалдырды.  Ел құрамасы қоржынына тағы бір қоланы Камила Берліқаш (78 келі) салған. Ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа кубогіне 27 елден 320 дзюдошы қатысқан. Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-при турнирін екі медальмен аяқтаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.