Боксшылар Азия чемпионатына дайындықты бастады
Боксшыларымыз Түркістан облысында 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқу-жаттығу жиыны 20 күн өтеді деп жоспарлануда. Айтулы жиынға елімздің үздік деген 50 бокшысы бас қосты.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Моңғолия астанасында Ұланбатыр қласында Азия чемпионаты өтеді. Бұл оқу-жаттығу жиыны – осы құрлықтық бәсекеге дайындықтың бірінші кезеңі болмақ.
2025 жыл қазақстандық боксшылар үшін сәтті жылдардың бірі болды деп айтуға негіз бар. Себебі боксшыларымыз 1 жыл ішінде екі бірдей әлем чемпионатына қатысып табысты өнер көрсетті.
Соңғы рет Дубайда ерлер құрамасы IBA ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс 2 қола жүлде жеңіп алды.







