«Мақтаарал» бас бапкерінің кеткенін ресми түрде хабарлады

302
«Мақтаарал» бас бапкер Константин Горовенконың кеткенін ресми түрде мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күні кеше Константин Горовенко өз еркімен қызметінен кетті. Жалпы 15 матч өткізіп, соның 3-де ғана жеңіліс тапты. Құрылғанына 10 жыл ғана болған жас команданы Қазақ футболының шыңына алып шықты!
Осындай еңбегі үшін клуб басшылығымен жанкүйерлердің айтары тек қана алғыс!
Барлығы үшін үлкен рақмет — Константин Александрович!
Біз Константин Александровичтің алдағы жұмысына тек қана сәттілік тілейміз!
Мақтаарал сізді ешқашан ұмытпайды.

Көп ұзамай «Мақтаарал» футбол клубына жаңа бапкер келеді. Қазіргі таңда клуб басшылығы бірнеше бапкерлермен келіссөздер жүргізуде.
Кімнің бас бапкер болатынын жақын күндері хабарлайтын боламыз», - деп айтты клубтың баспасөз қызметіндегілер.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.