Мейірім Нұрсұлтанов 32 қарсыласын нокаутпен жеңген боксшымен жұдырықтасады

2 856

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (19-0, 11К) қарсыласы белгілі болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Отандасымыз 17 қараша күні Ташкентте неміс боксшысы Винцент Файгенбутцпен (39-3, 32К) жекпе-жек өткізеді. Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы тәжірибелі боксшы. Әлемдік бокс рейтингтерінде жоғары сатыға жайғасқан: WBC - 11, IBF - 12, WBO - 13, Boxrec рейтингінде 24-орында.


Ташкент төріндегі орта салмақтағы жекпе-жек WBC Middleweight Elimination деңгейінде өтеді. Жеңгені WBC чемпионына міндетті қарсылас атанады. Шаршы алаңдағы шайқас 12 раундқа жоспарланған. 


Отандасымыз жуырда ғана Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы 2023 жылдың ең үздік боксшысы атанған еді. 


Қазіргі таңда Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындалуда. Даярлық жұмыстарын Ақтауда өткізіп жатыр. Соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шығып, Оңтүстік Кореяда өткен айқаста жапониялық Кадзуто Такесаконы (15-0-1, 14 КО) нокаутпен ұтқан болатын.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.